Өзіңді өзгелермен салыстырудың қандай зияны бар? Психолог түсіндірді

Өзін өзгелермен өзіне деген сенімін жоғалтып, өзін-өзі бағалауына кері әсер етуі мүмкін. Бұл туралы психолог Елена Скрипачева RT басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Адам өзін өзгелермен салыстырғанда "мен одан нашармын, мен ештеңеге жарамаймын" деген ойға берілсе, бұл оның өзіне деген сенімін әлсіретеді. Мұндай көзқарас адамға зиянын тигізеді", – деді психолог.

Маманның айтуынша, салыстырудың пайдалы жағы да бар. Егер адам өзгенің жетістігін дұрыс қабылдап, одан үлгі алып, алға ұмтылуға күш тапса, мұндай салыстыру оның дамуына түрткі болуы мүмкін.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз