Әлеуметтік желіде тағы бір жантүршігерлік видео тарады. Кадрда блогер өзін жерге тірілей көмгізіп, кейін болған жайтты видеоға түсіріп жатқаны көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, бұл жайт Алматыда болған. Сондай-ақ, жер астына түскен блогер тікелей эфир жүргізген.
"Қазақстанда ешкім істемеген челлендж. 24 сағат жердің астында жату", - дейді видеодағылардың бірі.
Алматы Полиция департаменті Massaget.kz-ке осы жайтқа қатысты пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп, ҚР заңнамасына сәйкес шара қабылданады", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова