Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың отбасына қатысты айтылатын қаңқу сөздерге нүкте қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің анасының сөзінше, ұлы мереке қарсаңында халықпен бірге, кейін отбасына барады.
"Неше күннен бері Қайрат ұлымыз халықпен бірге. Алла бұйыртса бүгін келіп қалады деп күтіп отырмыз. Өзіміз де көп көре бермейміз, үнемі жолда. Осы қара тер еңбегінің арқасында бала-шағасы да керемет жерде демалып жатыр. Алла бұйыртса келе сала 7-8 сағат ішінде өз жанұясына, балапандарына ұшып барып қалады. Амандығымен бізді шексіз қуанышқа бөлеп 100 жасасын", - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде отбасылық суреттерін жариялады. Көпшілік суретте Қайрат Нұртас жоғын байқап, оларды ажырасып кетті деп жорыды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!