- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Өзімді кінәлі қылып...
"Өзімді кінәлі қылып қойды". Әнші Ғазизхан Шекербек күйініп отыр
Әнші Ғазизхан Шекербектің Шымкентегі концерті өтпей қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желіде жазды.
"Қымбатты менің Шымкент қаласындағы тыңдармандарым, 26.06 күні Tulip hall залында өтетін концертіміз кейінге шегерілді. Себебі, жаңа концерт залдың жарық пен дыбысқа байланысты кей жерлері 26-на дейін дайын болмай тұр. Менде де көңіл күй жоқ. Кінә біздің тарапымыздан емес. Түркістан сарайына ауыстыра салайық деген ұсыныс бар, бірақ бізде қазірдің өзінде 1300-дей билет сатылып кеткен. Олардың орнын басқа залға келтіріп жайғастыру мүмкін емес. Реніш, көңіл-күй бұзылу дегендей,сіздерді олай әбіржіткім келмейді. Кешірім өтінемін! Алда бәрі нақты дайын болғанда күнін белгілеп айтармыз. Алынған билеттер толықтай қайтарылады. Қаншама жасалған еңбегіміз дәл қәзір бос кетті", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кейінірек ол Instagram-дағы сторисінде жауапты адамдар кінәні өзіне арта салғанын да жазды.
"Концертке қатысты жауапты және уәде еткен еткен адамдарға өкпем қара қазандай... Енді келіп "Біз рұқсат жоқ деп айтпадық, өзі неге тоқтатты?" деп өзімді кінәлі қылып қойғандарына күйініп отыр", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан