- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Өз үйінде тұрып...
"Өз үйінде тұрып жатыр". Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ажырасуға қатысты әңгімеге нүкте қойды
Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ажырасу туралы айтылған әңгімелердің бәріне "1001 түн" бағдарламасында нүкте қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, күйеуі қазір жұмыс бабымен Сарыағаш қаласында тұрып жатыр.
"Жолдасым Өмірсерікке өмірде разымын. Көре алмайтын адам көп. Содан осы әңгіме шығып кеткен. Дәл қазіргі сәтте Өмірсерік Сарыағаш қаласында жұмыс істеп, өзінің үйінде тұрып жатыр. Құрылыс компаниясында істейтіндіктен, жұмысы солай. Бәрі келісім-шартпен жүреді. 33 жасқа келіп, әрең тапқан күйеуімнен ажыраспаймын", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы