Психологтар Грейс Творек пен Гэри Лупян адамның өз-өзімен сөйлесуін қалыпты құбылыс деп бағалады. Олардың пікірін La Nacion басылымы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Творектің айтуынша, мұндай әдеттің пайдасы көп. Адам өз ойын дауыстап айтқан кезде ойы мен сезімін реттеп, күнделікті шаруаларды жеңілірек атқара алады. Сондай-ақ, бұл күйзелісті азайтып, ішкі мәселелердің шешімін табуға көмектеседі.
Психологтың сөзінше, өз-өзімен сөйлесу сыни ойлау қабілетін де дамытады.
Гэри Лупян да осы пікірді қолдайды. Оның айтуынша, өзімен сөйлесу күйзелісті азайтып, бастауға зауқы соқпай жүрген іске кірісуге ынта береді.
Маман қызық тәжірибе туралы да айтты. Эксперимент кезінде қатысушылар бөлме ішінен әртүрлі заттарды іздеген. Зерттеу барысында іздеген затын дауыстап сипаттап отырған адамдар керегін үндемей іздегендерге қарағанда әлдеқайда тез тапқаны байқалған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz