Желіде ұжымдағы жалғыз ер жігітті 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, пранк жасаған әйелдер көпті тәнті етті. Видео Жәмилә есімді блогердің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеодан сұлулық салонының қызметкерлерін байқауға болады. Ұжымда әйелдердің арасында жалғыз ер жігіт жүр. Видео авторының айтуынша, олар пранк жасау үшін оны 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен әдейі құттықтамаған.
"Құттықтағасын есте қаларлықтай құттықтайық деп шештік. 7 мамыр құтты болсын", - деп жазған видео авторы.
Бұған Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.
"Осы жігіт өзі де қыз сияқты", "Кілең қыздардың қасында жүрген соң өзі де, жүрегі де әлсіз болып қалған ба", "Сүйкімді жігітті бәрі жақсы көреді екен, жаным қорқып кетті ғой, денің сау болсын", "Өзі де қыздар арасында жүремін деп нәзік болып қалған ғой, пранк қатты болды-ау", "Біразға дейін есін жия алмай тұр ғо, ақкөңіл жігіт екен, шынымен сеніп қалды", "Таңдайын басып, жүрегіне түкіріп, су ішкізіңдер шошып қалды ғой", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!