- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Отыра қалып, шұлығын...
"Отыра қалып, шұлығын иіскеген". Жазира Байырбекова ерекше жазба жариялады
Фото:
instagram.com/zhazira_bairbekova/
Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі күйеуі шұлықты қай жерге шешіп кетсе де ренжімейтініні жазған.
"Үйде күйеуінің шұлығы.
Марқұм Бейғазының әйелі Гүлшат үйін жинап жүріп бірнеше жыл қозғалмаған шифонердің артынан өмірден өтіп кеткен күйеуінің шұлығын тауып алады.
Отыра қалып (иісіне де, кіріне де қарамай) иіскеп, аңсап жылайды.
Гүлшаттың осы әңгімесі мәңгі есімде қалып қойды. Содан бері күйеуім шұлықты қай жерге шешіп кетсе де ренжімейтін болдым", - деп жазды ол.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Гидрофильді майды қалай қолданған дұрыс?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә