Танымал кәсіпкер Сырымбек Тау "Ұрпақ" подкастында енелер келінді ешқашан қызындай көрмейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кәсіпкердің айтуынша, күйеу баланың рөлі - күйеу бала, келіннің рөлі - келін болуы керек.
"Қазіргі кей енелер де қиын. Жақын кісінің тойына бардым. Біздің тарап қыз ұзатып жатыр. Енесі сөйлеп жатыр. "Біз келінді қыздай көретін, күйеу баланы ұлдай көретін әулетпіз" дейді. Менен шамамен 10 жасқа үлкен кісілер. Той емес, құдалық болып жатыр. Мен "осы актерлік шеберліктеріңіз адамды құртады" деп ұрыстым. Ене ешқашан келінді қыздай көрмейді. Ол айтылған сөз ғана. Қайын ата мен ене күйеу баланы ешқашан ұлдай көрмейді. Күйеу баланың рөлі - күйеу бала, келіннің рөлі - келін болуы керек", - дейді ол.
Кәсіпкер ана ешкімді өзінің ішінен шыққан баладан артық жақсы көре алмайтынын айтты.
"Ұлың 20-22 жастағы қызды алып жатыр деп ойлайық. 20 жастағы қызға тойда енесі "мен сені қызымдай көремін" дейді. Ал үйге келгенде қызындай көрмейді. Уәдесінде тұрмады ғой. Не басталды? Өтірік басталды. Келін келіндік рөлді атқаруы керек, біз мұндай жерде ауытқымауымыз керек. Ана ешкімді өзінің ішінен шыққан баладан артық жақсы көре алмайды. Мұны келін де түсіну керек. Жар таңдаған кезде баланың ісіне қатты араласып кетпеген дұрыс", - деп кеңес берді Сырымбек Тау.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!