- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Өте әдемі жер"....
"Өте әдемі жер". Алматыда тауда қараусыз қалған қонақүй табылды
Әлеуметтік желі қолданушылары Алматыда тауда орналасқан, алайда қараусыз қалған қонақ үй жайлы ерекше видеоға қызығушылық танытты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық Владислав Притуляк өзінің TikTok-парақшасында видео жариялады. Ол видеода Шымбұлақтан 20 минуттай жерде қараусыз қалған қонақ үй бар екенін айтқан. Оның айтуынша, қонақ үй 20-ғасырдың 90-жылдары салынған.
"Бұл жердің мұндай жағдайда жатырғаны өкінішті", - дейді жігіт видеода.
@vlad_pritulyak Заброшенный отель в горах Алматы #алматы #казахстан ♬ оригинальный звук - Влад Притуляк
Видеоның астына кей адамдар бала кезінде осы жерде болғанын жазса, басқалары барып көргісі келетінін айтты.
"Қайтадан жұмыс істей бастаса жақсы болар еді", "Ол жерге қалай баруға болады?", "Қараусыз қалғаны өкінішті", "Өте әдемі жер", - деп жазды Желі қолданушылары.
Алайда бұл жер серуендеуге қауіпсіз емес. Сондықтан оның қайта жұмыс істей бастағанын күткен абзал.
Владислав Притуляктің айтуынша, бұл жердің жаңа иелері онымен байланысқа шыққан.
"Алдағы айларда қайта жөндеу жұмыстарын жасауды жоспарлап отыр. Ол жерге визит-орталық, мейрамхана жасайды және қонақ үйді қалыпқа келтіреді. Қонақ үй Шымбұлақтан шамамен 1,5 километр жоғары орналасқан", - деп жазды жігіт.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова