- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Отбасымызға тағы бір...
"Отбасымызға тағы бір адам қосылды". Баян Алагөзова қуанышты жаңалығын бөлісті
Қазақстандық продюсер, актриса Баян Алагөзова қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол екінші рет әже атанды.
"Алматының кептелісінде тұрғанда уақытты босқа жоғалтпай, сіздерге қуанышты жаңалығымды бөлісейін. Бүгін, 2023 жылғы 20 шілдеде біздің үлкен, тату-тәтті отбасымызға тағы бір адам қосылды. Менің қызым (Айсәуле Бақытбек - ред.) екінші рет ана атанды. Ол дүниеге әдемі, дені сау, бақытты қызды әкелді. Дәл қазір перзентханаға бара жатырмын. Өзімнің балама сорпа, котлет апара жатырмын. Оны құшақтауға, сүюге, қолыма кішкентай ғажайыпты алуға асығып тұрмын", - деді ол.
Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек - продюсер Баян Алагөзованың тұңғыш қызы. Ол актриса, тележүргізуші, блогер. Айсәуле Бақытбек биылғы наурызда оқырмандарына екінші баласын күтіп жүргенін айтқан еді. Ол 2022 жылы тұңғыш қызын дүниеге әкелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан