“Ота жасалады“. Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққанын айтқан әншінің жағдайы белгілі болды

"Нұр-Мұқасан" тобының жаңа әншісі Ғалымжан Сүлеймен топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққанын айтты. Бұл іске қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңгер Инга Иманбайдың айтуынша, Ғалымжан Сүлейменге ота жасалады.

"Танымал әнші әрі актер Ғалымжан мырзамен кездестім. Оның қазіргі жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер қолы сынғанын, мұрны сынғанын, беті қатты ісіп-көгергенін растады. Алдағы күндері мұрнына жарақаттан кейінгі күрделі ота жасалмақ. Бұл тек денсаулыққа келген зиян емес. Бұл - адамның өміріне, еңбегіне, шығармашылығына жасалған қастық. Ғалымжан мырза дәл қазір түсіріп жатқан фильмінің жұмысы тоқтап тұр. Оның кесірін 40 адамнан тұратын бүтін бір кино тобы тартып отыр. Себебі бет-әлпеті қатты жарақаттанған адам камера алдына шығуға жарамайды. Бұл - нағыз масқара жағдай. Ең сорақысы - мәдениет саласының өкілдері өз әріптесін жабылып ұрып, есінен тандырып жібергені", -  деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Еске салайық, бұған дейін Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тосын ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, даудың басы әннен шыққан.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз