- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Осынша жасқа жетсем...
"Осынша жасқа жетсем де бұған дейін "тілім" қысқа болды". Жұлдыз Әбдікәрімова күтпеген жазба жариялады
Фото:
әлеуметтік желідегі парақшасынан
Танымал тележүргізуші, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында күтпеген жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұған дейін үнсіз келгенін, енді мұндай жағдай болмайтынын айтқан.
"Шыдамның да шегі бар! Енді үндемеу мүмкін емес! Енді бәрін айтамын. Бірақ бәріне емес. Мен періште емес пендемін. Менің де "тілім" ұзаратын сияқты. Бұл шындық тек менің жылдар бойы бірге келе жатқан оқырманыма арналады. Сол себепті парақшамды жабамын. Осынша жасқа жетсем де бұған дейін "тілім" қысқа болды. Оны өзім де байқамаппын. Ендігілер өміріме де, парақшама да есігімді қағып кіріңіздер", - деп жазды ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова