Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы, блогер Айжұлдыз Адайбекова марқұм әкесін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, мінезі әкесіне тартқан. Сондай-ақ, ол әкесі өмірде қандай адам болғанын зерттеп жүргенін жеткізді.
"Негізгі әкеме ұқсаймын. Әсіресе, мінезім. Ол кісіні әлі де зерттеудемін. Қандай адам болды, не істеді? Сүйікті хоббиі мен адамдарға деген ниеті қандай болды, арманы мен мақсаты қалай болды екен? Маған өте қызық. Осындай адамның ұрпағы болғаныма шүкір", - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін Жанар Айжанова марқұм күйеуі туралы тың естелік жариялаған болатын.
"Марқұм Адайбек тойдан кейін көп ұзамай жол апатынан қайтыс болып кетті. Екеуміз де 27 жаста болатынбыз", - деп еске алған еді Жанар Айжанова.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз