Лондон университеттік колледжінің ғалымдары орта жаста пайда болатын, қартайғанда деменцияның даму қаупін арттыратын алты симптомды атады. Зерттеудің жетекші авторы Филипп Франк бұл туралы Independent басылымына айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Франктің айтуынша, орта жаста өз-өзіне деген сенімділіктің жоғалуы деменция қаупін 51%-ға арттырады. "Өз проблемамды шеше алмаймын" деп айтатын адамдарда когнитив бұзылыстар ықтималдығы 49%-ға жоғары болған, ал өзгелерге жылу сыйлай алмайтын, бауыр баса алмайтын адамдарда бұл көрсеткіш 44%-ға артқан.
Ғалымның сөзінше, деменция қаупін сондай-ақ, үнемі ширығу сезімі (34%-ға) және атқарған істеріне қанағаттанбау (33%-ға) күшейткен. Ал зейіні тұрақсыз адамдарда деменция ықтималдығы 29%-ға жоғары болған.
Франк бұл симптомдардың бәрі депрессия кезінде де байқалуы мүмкін екенін айтты. Дегенмен, депрессия қартайған шақтағы когнитив бұзылыстармен тікелей байланысты емес.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz