Орманда тұрып, тал басында 2 жыл мекендеген әйел кім?

Америкалық Джулия Хилл 23 жасында тал басында 2 жыл мекендеп, әлемді құтқарып қалды. Бұл бойжеткен туралы не белгілі? Massaget.kz тілшісі адамсенгісіз хикая туралы баяндайды. 

АҚШ-тың Калифорния штатында 1997 жылы Pacific Lumber компаниясы секвойя орманын кеспек болады. Оны сақтап қалу үшін бойжеткен қарсылық танытты, алайда оның әдісі мүлдем ерекше болды. 

Джулия - бала кезден табиғатқа жақын өскен қыз. Оның әкесі ел шарлап, уағыз таратқан, сондықтан бойжеткен бала кезден көп саяхаттаған. 1996 жылы Джулия жол апатына түседі, жүріп кетуі мен есте сақтау қабілетін қалыпқа келтіру үшін 1 жылдай уақыт кетеді. Бұл оның өмірінде маңызды кезеңге айналады, Джулия құндылықтары туралы ойланып, адам өзінен кейін келер ұрпаққа не қалдыра алатыны туралы ойлана бастайды. 

Pacific Lumber компаниясының пиғылын білген ол ағаштарды құтқаруды мақсат етіп қойды. Бойжеткен барлық затын сатып, ал түскен ақшаға сөмке, көрпе қап пен шатыр сатып алған. 1997 жылы ол Pacific Lumber компаниясының аумағына жасырын кіріп, ағашқа өрмелеп шығып алған.

Сурет ашық дереккөзден 

"Компания ағаштарды кесу идеясынан бас тартпайынша, тал басынан түспеймін"

Джулия Хилл ең биік шыңға өрмелеп өмір сүрген. Ал еріктілер бойжеткенге керек-жарақтарын әкеліп, көмек беріп отырған.  

Экобелсенділер арасында Джулия "Көбелек" деген атпен танылады. Ол адамдар жұлдызқұрт секілді ақыр соңында жылы жерінен қозғалып, еркіндікке ұмтылуы керек деп ойлайды. Оның айтуынша, мұндай ой 5 метрлік Луна ағашының басында келген. 

Ашық дереккөз

Earth First еріктілері бойжеткенге барлық заттарын - шатыр, көрпе қап, күннен қуат алатын ұялы телефон, азық-түлік қоры, пеш сынды керек-жарағын апарып отырған. 

Ағаштарды кесумен айналысатын компания Джулиямен келіссөз жасаудан үзілді-кесілді бас тартты. Керісінше, олар қызды ағаштан түсіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысты: оның туыстарын қорқытты, тамақ тасымалдауға мүмкіндік бермеді, тіпті оны экотеррорист деп атады. 

Алайда бұл компания мемлекеттік орман пайдалану заңдарын үш жүзден астам бұзғаны анықталып, кейін лицензиясы уақытша тоқтатылды. 

Pacific Lumber Company Джулияны ағаштан күштеп түсіру әрекетін тоқтатты. Олар бойжеткен өзі түскенше күтуге мәжбүр болды. 

2 жыл 8 күн

Осынша уақыт өткеннен кейін Pacific Lumber компаниясы ағаштарды кеспеуге келісті. Олар тіпті орман шаруашылығының тұрақты тәжірибесін зерттеу үшін жергілікті университетке өтемақы төледі.

Бұдан кейін ғана Джулия Хилл ағаштан түсті. 

Қалыпты өміріне оралған бойжеткен экология саласында жұмысын жалғастырды. Ол бұл тәжірибесі туралы кітап жазып, табиғатты қорғау қорын құрды. 

2000 жылы вандалдар ағашқа зақым келтірген, табиғат қорғаушылар оны құтқару үшін 50 000 доллар жинады. Қазір Sanctuary Forest компаниясының қорғауында. 

Ал Pacific Lumber компаниясы 2007 жылы банкротқа ұшырап, жұмысын тоқтатты. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!