Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мәліметінше, қасиетті Рамазан айы 8 ақпанда басталады. Ораза айт 9 наурызға, Құрбан айт 16-18 мамыр аралығына түсіп тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚМДБ жариялаған діни мерекелер күнтізбесіне сәйкес 2027 жылы Рамазан айындағы ораза 8 ақпанда басталады. Мұсылмандар қасиетті айда ораза ұстап, құлшылық етіп, рухани жағынан тазаруға, қайырымдылық жасауға, өз-өзін тәрбиелеуге тырысады.
Рамазан айы ай күнтізбесіне байланысты 29 немесе 30 күнге созылады. Бұл уақытта исі мұсылман таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден тыйылып, дұға-тілек тілеп, ізгі амалдар жасауға ұмтылады.
Бұл ай Ораза айт мерекесімен аяқталады. 2027 жылы бұл мейрам 9 наурызда атап өтіледі. Десе де ҚМДБ жаңа ай көрінуіне байланысты күнтізбеге өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін ескертті.
Қадір түні немесе Ләйләтул-Қадр - Рамазан айындағы ең қасиетті түндердің бірі. 2027 жылы ол 6 наурызға қараған түнге түсіп тұр.
Ислам ілімі бойынша бұл түн Мұхаммед пайғамбарға Құранның алғашқы аяттары түсе бастаған уақытпен байланыстырылады. Мүміндер бұл түнді құлшылықпен өткізіп, Алладан кешірім сұрап, береке тілейді, жасаған іс-әрекеті туралы ой түйеді.
Қадір түні Тағдыр түні деп те аталады. Бұл түн дұға ету, тәубеге келу, қайырымдылық жасау уақыты деп саналады.
Ораза күндіз ішіп-жеуден тыйылуды талап етеді, алайда оны ұстау бәріне бірдей міндетті емес. Жүкті және бала емізетін әйелдер, сырқаты барлар, қарт адамдар, жеті жасқа толмаған балалар, сондай-ақ, жолаушылар оразадан босатылады.
Рамазан кезінде ораза ұстайтын мұсылмандар белгілі бір ережелерді сақтайды. Негізгі шектеулер таң атқаннан күн батқанға дейін күшінде болады және олар тек ішіп-жеуге емес, мінез-құлыққа да қатысты:
Алғаш ауыз бекіткенде нені ескеру керек?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз