Ораза 2026: сәресі және ауызашар дұғалары

Ораза 2026: сәресі және ауызашар дұғалары
Фото: depositphotos.com

19 ақпанда Рамазан айы басталады. Massaget.kz сәресі және ауызашар дұғаларын ұсынады.

Сәресіне арналған дұға

"Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім".

Ауызашар дұғасы

"Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, саған иман келтірдім, саған тәуекел еттім. Берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнәмді кешіре көр!"

Қадір түні, Ораза айт мерекесі қашан?

ҚМДБ мәліметінше, 17 наурызға қараған түн - қасиетті Қадір түні, ал 20 наурыз - Ораза айт мерекесі.

Ораза ұстайтындарға кеңес

Ораза - мұсылмандар үшін маңызды құлшылықтың бірі. Ол - тек ас-судан тыйылу емес, рухани кемелденіп, сабыр сақтап, өзін-өзі тәрбиелейтін ерекше ғибадат.

Бұрын ораза ұстап көрмесеңіз, бірден кірісу қиын болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді біртіндеп дайындау қажет.

  • Тамақтану режимін реттеңіз, таңғы және кешкі асты уақтылы ішіп үйреніңіз. Ораза басталғанға дейін бірнеше күн бір уақытта тамақтанып, ауыз бекітуге дағдыланыңыз.
  • Оразада дұрыс тамақтану маңызды. Сәресіде күрделі көмірсу (ботқа, қара нан, көкөністер), ақуызға (жұмыртқа, ет, сүзбе) бай тамақтарды жеп, су ішкен жөн. Ал ауызашарда асқазанға салмақ түсірмеу үшін жеңіл тамақтардан бастау керек (сүт өнімдері, құрма, сорпа). Дұрыс тамақтану сіздің қуатыңызды сақтауға және күні бойы өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі.
  • Бастапқыда қиындық сезінсеңіз, өзіңізді қинамаңыз, бастысы - ниет пен талпыныс.
  • Ораза тек аштықпен шектелмейтінін түсіну маңызды. Бұл - рухани тазару, өз-өзіңді бақылау және ішкі жан дүниеңді дамыту кезеңі. Көптеген адам ораза арқылы жаңа әдет қалыптастырып, өзін жаңа қырынан таниды.
  • Айналаңызда ораза ұстайтын адамдар болса, бірге ұстау жеңіл болады.
  • Әр күніңізді жетістік ретінде қабылдап, өзіңізді мақтап отырыңыз. Ораза ұстау - ерік-жігерді қажет ететін ғибадат, сондықтан кішкентай жеңісіңіз үшін өзіңізді марапаттаңыз.

Рамазан 2026: қалаларға арналған кесте

 

 

 

 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget