Ауызашарда тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтарға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мамандардың айтуынша, ауызашар өткізу кезінде қауіпсіздікті сақтау өте маңызды.
- Жеке гигиенаны сақтау: тамақ дайындамас бұрын және тамақ ішкенде қолды сабынмен мұқият жуыңыз; таза ыдыс-аяқ пен ас құралдарын пайдаланыңыз; ЖРВИ, іш қату диагноздары бар адамдар тамақ дайындамағаны жөн.
- Азық-түлік қауіпсіздігі: өнімдерді тек ресми сауда нүктелерінен сатып алыңыз; тұтыну мерзімін, қалай сақталғанын тексеріңіз; өнімдерді тоңазытқышта +2 +6 °C температурада сақтаңыз; шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз.
- Ас дайындау ережелерін сақтау: ет, құс еті, балық, жұмыртқаны жеткілікті термиялық өңдеуден өткізіңіз; дайын тағамдарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз; үлкен көлемде тағам дайындағанда мұқият болыңыз.
- Сапалы суды пайдалану: қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз.
- Көпшілікке ауызашар ұйымдастыру (үйде немесе қоғамдық жерде): тоңазытқыш жеткілікті болуын қамтамасыз етіңіз; қоғамдық тамақтану нысандарында ауызашар өткізсеңіз, тек тексерілген жерлерде жасаңыз.
"Улану белгілері байқалса (құсу, диарея, іш ауруы, температура көтерілуі), дереу медициналық көмекке жүгініңіз", - деп ескертті мамандар.
Ораза туралы
Ораза - мұсылмандар үшін маңызды құлшылықтың бірі. Ол - тек ас-судан тыйылу емес, рухани кемелденіп, сабыр сақтап, өзін-өзі тәрбиелейтін ерекше ғибадат.
Бұрын ораза ұстап көрмесеңіз, бірден кірісу қиын болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді біртіндеп дайындау қажет.
- Тамақтану режимін реттеңіз, таңғы және кешкі асты уақтылы ішіп үйреніңіз. Ораза басталғанға дейін бірнеше күн бір уақытта тамақтанып, ауыз бекітуге дағдыланыңыз.
- Оразада дұрыс тамақтану маңызды. Сәресіде күрделі көмірсу (ботқа, қара нан, көкөністер), ақуызға (жұмыртқа, ет, сүзбе) бай тамақтарды жеп, су ішкен жөн. Ал ауызашарда асқазанға салмақ түсірмеу үшін жеңіл тамақтардан бастау керек (сүт өнімдері, құрма, сорпа). Дұрыс тамақтану сіздің қуатыңызды сақтауға және күні бойы өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі.
- Бастапқыда қиындық сезінсеңіз, өзіңізді қинамаңыз, бастысы - ниет пен талпыныс.
- Ораза тек аштықпен шектелмейтінін түсіну маңызды. Бұл - рухани тазару, өз-өзіңді бақылау және ішкі жан дүниеңді дамыту кезеңі. Көптеген адам ораза арқылы жаңа әдет қалыптастырып, өзін жаңа қырынан таниды.
- Айналаңызда ораза ұстайтын адамдар болса, бірге ұстау жеңіл болады.
- Әр күніңізді жетістік ретінде қабылдап, өзіңізді мақтап отырыңыз. Ораза ұстау - ерік-жігерді қажет ететін ғибадат, сондықтан кішкентай жеңісіңіз үшін өзіңізді марапаттаңыз.
Сәресіне арналған дұға
"Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім".
Ауызашар дұғасы
"Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, саған иман келтірдім, саған тәуекел еттім. Берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнәмді кешіре көр!"
Қадір түні, Ораза айт мерекесі қашан?
ҚМДБ мәліметінше, 17 наурызға қараған түн - қасиетті Қадір түні, ал 20 наурыз - Ораза айт мерекесі.
Рамазан 2026: қалаларға арналған кесте
Ораза 2026: Астана қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Алматы қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Шымкент қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Ақтөбе қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Ақтау қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Атырау қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Жезқазған қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Көкшетау қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Қарағанды қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Қонаев қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Қостанай қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Қызылорда қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Орал қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Өскемен қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Павлодар қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Петропавл қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Семей қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Талдықорған қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Тараз қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Түркістан қаласына арналған кесте

Тағы да оқи отырыңыз:
- Ораза 2026: ауыз бекіту, ауызашар дұғаларын қазақша айтуға бола ма?
- Рамазан 2026: ауыр жұмыс істейтін адамға ораза ұстамауына бола ма?
- Рамазан 2026: тіс қанаса, ораза бұзыла ма?
- Рамазан 2026: алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова