Рамазан айы басталуына бір айға жуық уақыт қалды. Ораза - мұсылмандар үшін маңызды құлшылықтың бірі. Ол - тек ас-судан тыйылу емес, рухани кемелденіп, сабыр сақтап, өзін-өзі тәрбиелейтін ерекше ғибадат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рамазан 2026: алғаш ауыз бекітетіндерге кеңес
Оразаны алғаш рет ұстауға ниеттенген жан үшін оңай болмасы анық. Егер бұрын ораза ұстап көрмесеңіз, бірден кірісу қиын болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді біртіндеп дайындау қажет.
- Тамақтану режимін реттеңіз, таңғы және кешкі асты уақытылы ішіп үйреніңіз. Ораза басталғанға дейін бірнеше күн бір уақытта тамақтанып, ауыз бекітуге дағдыланыңыз.
- Оразада дұрыс тамақтану маңызды. Сәресіде күрделі көмірсулар (ботқа, қара нан, көкөністер), ақуыз (жұмыртқа, ет, сүзбе) және су ішкен жөн. Ал ауыз ашарда асқазанға салмақ түсірмес үшін жеңіл тамақтардан бастау керек (сүт өнімдері, құрма, сорпа). Дұрыс тамақтану сіздің қуатыңызды сақтауға және күні бойы өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі.
- Бастапқыда қиындық сезінсеңіз, өзіңізді қинамаңыз, бастысы - ниет пен талпыныс
- Ораза тек аштықпен шектелмейтінін түсіну маңызды. Бұл - рухани тазару, өз-өзіңді бақылау және ішкі жан дүниеңді дамыту кезеңі. Көптеген адам ораза арқылы жаңа әдет қалыптастырып, өзін жаңа қырынан таниды.
- Егер айналаңызда ораза ұстайтын адамдар болса, олармен бірге ұстау сізге жеңіл болады.
- Әр күніңізді жетістік ретінде қабылдап, өзіңізді мақтап отырыңыз. Ораза ұстау – ерік-жігерді қажет ететін ғибадат, сондықтан кішкентай жеңістіңіз үшін өзіңізді марапаттаңыз.
2026 жылы Ораза қашан басталады?
2026 жылы Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Бірақ пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа ай көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескерткен болатын.
ҚМДБ
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!