Ораза - 2026: алғаш ауыз бекіткенде нені ескеру керек?

Ораза - 2026: алғаш ауыз бекіткенде нені ескеру керек?
Фото: depositphotos.com

Рамазан айы басталуына бір айға жуық уақыт қалды. Ораза - мұсылмандар үшін маңызды құлшылықтың бірі. Ол - тек ас-судан тыйылу емес, рухани кемелденіп, сабыр сақтап, өзін-өзі тәрбиелейтін ерекше ғибадат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рамазан 2026: алғаш ауыз бекітетіндерге кеңес

Оразаны алғаш рет ұстауға ниеттенген жан үшін оңай болмасы анық. Бұрын ораза ұстап көрмесеңіз, бірден кірісу қиын болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді біртіндеп дайындау қажет.

  • Тамақтану режимін реттеңіз, таңғы және кешкі асты уақтылы ішіп үйреніңіз. Ораза басталғанға дейін бірнеше күн бір уақытта тамақтанып, ауыз бекітуге дағдыланыңыз.
  • Оразада дұрыс тамақтану маңызды. Сәресіде күрделі көмірсу (ботқа, қара нан, көкөністер), ақуызға (жұмыртқа, ет, сүзбе) бай тамақтарды жеп, су ішкен жөн. Ал ауызашарда  асқазанға салмақ түсірмес үшін жеңіл тамақтардан бастау керек (сүт өнімдері, құрма, сорпа). Дұрыс тамақтану сіздің қуатыңызды сақтауға және күні бойы өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі.
  • Бастапқыда қиындық сезінсеңіз, өзіңізді қинамаңыз, бастысы - ниет пен талпыныс.
  • Ораза тек аштықпен шектелмейтінін түсіну маңызды. Бұл - рухани тазару, өз-өзіңді бақылау және ішкі жан дүниеңді дамыту кезеңі. Көптеген адам ораза арқылы жаңа әдет қалыптастырып, өзін жаңа қырынан таниды.
  • Айналаңызда ораза ұстайтын адамдар болса, бірге ұстау жеңіл болады.
  • Әр күніңізді жетістік ретінде қабылдап, өзіңізді мақтап отырыңыз. Ораза ұстау - ерік-жігерді қажет ететін ғибадат, сондықтан кішкентай жеңісіңіз үшін өзіңізді марапаттаңыз.

2026 жылы Ораза қашан басталады?

2026 жылы Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Бірақ пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа ай көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескерткен болатын. 

ҚМДБ

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget