Желіде басына орамал тағып, құрт жасап отырған екі қыз көпті ашуландырды. Бейнені Бекарыс Қошқарбай өзінің парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Парақша иесі оқырмандарынан баланы неше жастан еңбекке баулитынын сұраған.
"Түнгі чат. Балаңызды неше жастан еңбекке баулып, жұмсайсыз?
Қазақта "Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас" деген сөз бар. Бастысы ата-анасы мен қоғамды сыйлайтын, өзін-өзі және отбасын қамтамасыз ету үшін қажетінше еңбек ете алатын ұрпақ тәрбиелеу", - деп жазған видео жарияланған парақша иесі.
Ал видеодағы қыздың бірі үйде сүт өнімдерінің болғаны жақсы екенін айтады.
"Сәлем, достар. Қалайсыздар?
Біз Жансая әпке екеуміз әппақ құрт жасап отырмыз. Ақ мол болсын. Негізі үйде сүт, қаймақ болған жақсы ғой, иә?", - дейді ол.
Бұған Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.
"Орамал ұнамады, балалық шақ балдай болуы керек, орамал ешкайда қашпайды", "Қазіргі заманда қыздарды оқуға салу керек, жұмысқа емес, өсе келе бәрін өздері де үйренеді ғой", "Жарайсыңдар. Тамаша. Бірақ орамал керек емес. Бала - бала болу керек. Қатты шашын өріп қойса да шаш түспейді. Өскен соң, келін болған соң да тағып үлгереді. Бұл менің жеке ойым", "Тазалық бір басқа, орамал тағу бір басқа", "Орамалы несі? Бала емес пе? Жарасып тұрған жоқ. Асықпасаң, орамалды да тағатын күн келер. Мынау ерсі. Шашты жинасада болар еді", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қарқара деген не?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!