Танымал сценарист, блогер Перизат Мырзахмет Paradox YouTube-арнасында орамалын неліктен шешкенін айтып, басынан өткен жайттарды әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Перизат Мырзахметтің сөзінше, 2010 жылы алғаш намазға келген.
"Шешкім келді, шештім. Тимур Балуға да сұхбат берген кезде айттым. Қандай жауап айтсам да, оны қабылдамайды. Тыңдарманның, оқырманның өзінің ішінде шындығы бар. Сіздердің шындықтарыңызға сәйкес келмегенім үшін кінәлі емеспін. Менің өзімнің шындығым бар. Бір уақытта көрдім. Намазға қалай келдім? 2010 жылы Алматыға көшкен кезде менде бәрі жақсы болды. "Менде бәрі жақсы, Құдайға рақмет айтатын сәт болған шығар" деген ой келеді. Намаз оқыған кезде оранып, басқа кезде жалаңаш жүре берсем болатын еді. Бірақ перфекционист болғаннан кейін жамылып бастадым", - дейді ол.
Блогер кейін хиджабқа қатысты мәселелерге тап болғанын әңгімеледі.
"Қазір "иманың әлсіреген", "сен намазды тастаған жоқсың, намаз сені тастады" деген комментарийлер кетеді. Мен білмеймін, Құдай солай жазды. "Шеш" деді, шештім. Шапкаға көшкен кезім болды. Оған мен кінәлі емеспін. Қарағандының 80 жылдығын жасаймыз стадионда Назарбаевтың қатысуымен. Мен сценариспін. Мені стадионға кіргізбей қойды охранасы. "Орамалмен кірмейсің, Назарбаевқа ол ұнамайды, қазір командадан шығарып жібереміз" деді. Динара Адам "команда үшін шеш басыңдағыны, хотя бы шапка киші" деді. Әлі күнге дейін есімде базарда ол кезде жұқа шапка да жоқ. Қалың шапканы сатып алып, түсірілімде жүргенім әлі есімде. Сөйтіп, шапкамен жүрдім. Риксоста Динара Адам екеумізді үлкен бір танымал адаммен кездесуге шақырды. Ана кісі мені көрген кезде орнынан тұрады да кетіп қалады. Мен орамалмен (отырмын - еск.). Динара сасқалақтап қалады да "не болды?" дейді. "Маған хиджабтағы қыз ұнамайды" дейді. Ал мен сценариспін, орамалымның ол жерге қатысы жоқ. Динара тағы да "сен шыға тұр" деді. Сол кезде "мынау менің жұмысыма кедергі" деген ойлар кете бастайды", - дейді блогер.
Осылайша, блогер саналы түрде өз еркімен орамалды шешуді ұйғарған. Оның сөзінше, жүректегіні тек Алла біледі.
"Бір жерге барсаң тінтиді кәдімгідей. Түркиядан келген кезде әлі күнге дейін есімде таңғы бесте аяғым ауыр, бес айлық ішімде бала бар. Мені жеке кабинкаға алып кетіп, екі қазақтың жігіті тергиді. "Сен неге намаз оқисың, Түркияға не үшін бардың, кім саған намазды үйретті, сенің ұстазың бар ма, ата-анаң қандай?" (деп сұрады - еск.). Мен ана жерде еңіреп жыладым, гормондар ойнап тұр, аяғың ауыр. Таңғы бесте тергеген кезде "болды, мен шешемін, керек емес маған мынау" дедім. Қорлық қой кәдімгідей. Ана жерде ұшақтан мас түскен адамдар болды. Оларға ешкім тиіскен жоқ. ...Мен олай неменеге тырысамын? Ішімде барлығы дұрыс болса, кісі өлтірмесем, ұрлық жасамасам, өтірік айтпасам, өсек тасымасам, "маған киім керегі жоқ екен" дедім де шешіп тастадым. Оның барлығын түсіндіріп жатсаң тағы да кетеді. Өзімнің шешімім болды. Шешкен кезде қиын жағдай болды. Таңертең "бүгін жұмысқа орамалсыз барамын" деп ойлаймын. Ананы шешкім келеді басымнан, шеше алмаймын, көшеге шыға алмаймын, өзімді жалаңаш сезінемін. Сосын бүгін киіп барамын деймін де қайта киіп барамын жұмысқа. Мамам соны көрді де, "балам, қиналып жүрсің ғой, қайтесің, шешіп тастасайшы, өзіңді қинама, Алла көріп тұр ғой" деді. Адамдарға түсіндіріп жатқым келмейді. Аллах біледі, болды. Аллах бұйырды. Шешкізген де Алла, кигізген де Алла. Оны адамдарға түсіндіргім келмейді", - дейді Перизат Мырзахмет.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!