- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Оның сөзі орынсыз...
"Оның сөзі орынсыз болды". Танымал айтыскер марқұм әріптесі Оразалы Досбосынов туралы шындықты айтты
35 жылдан бері айтыста жүрген танымал айтыскер Серік Құсанбаев әріптесі Оразалы Досбосынов туралы Жандарбек Бұлғақовтың youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, айтыста барлық мәселеге шындықпен қарау керек.
"Қандай айтысқа шықсам да,абыройсыздықтан сақта деп тілеп шығамын. Айтыста тиісіп сөйлейтін тәсілім бар. Бұл қарсыластың қабілетін ашудағы мақсат қой. 1998 жылы Оразалымен айтыстық. Ол кезде Оразәлі жас ақын болды. Алматы облысынан келгендерді бәрі соны жақтады. Айтыста ол "Мәскеу де, Ташкент те біздікі" деп көлгірсіді. Мың жерден біздікі болса да, қазір визасыз кіре алмаймыз. Мен осыны айттым. Бәріне шындықпен қарау керек. Оразалының бұл сөзі орынсыз еді. Сол айтыстан соң жүлде маған берілді де, халық қатты шулады, үлкен тартыс болды. Айтыстан соң Оразалымен жолықтық. Бірақ айтысқа қатысты әңгіме болмады", - деді ол.
Танымал айтыскер Оразалыға жоғары баға беретінін айтты.
"Ол көбіне шұбыртпалы ұйқаспен айтатын ақын ғой. Айтқан нәрседен ауытқып кететін сәттер болды. Бірақ Оразәлі 1998 жылғы айтыста өзінің өресін көрсетті. Жерлестері ренжімесін. Оразәлінің ақындығы бар,бірақ ауыз әдебиетінен алынған. Әділ нәрсені әділ айту керек", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы