Дана Әтешова Марат Әйтеновтің бірінші әйелінің мәлімдемесіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, Әйтеновтің бірінші әйелімен жақсы қарым-қатынаста болған, екеуі де балаларды бөлмеген, бәрі бір үйдің баласы деп тату болған.
Әтешова Әйтеновтің бұрынғы әйелі Ләйлә Мирасты жақсы түсінетінін жеткізді.
"Оны кінәламаймын. Бәріміз әйелміз, бәріміздің баламыз бар. Балаларымыздың қамын ойлаймыз. Марат бірінші әйелімен ажырасқанда, өздері тұрып жатқан екі бөлмелі пәтерді қалдырған еді. Біздің екінші баламыз дүниеге келгенде, Мараттың бірінші әйелі тұрмысқа шыққан еді, оның да үшінші баласы өмірге келген. Бұрынғы пәтерінде тұрып жатты. Маратқа "үш бала мен екі үлкен кісі тұрып жатыр. Үлкенірек пәтер алып берші" дедім. Ол "жақсы" деді де екі бөлмелі пәтерді сатып, үш бөлмелі пәтер сатып алды. Ең қызығы, пәтерді бірінші әйелінің емес, өзінің ағасының атына жазып қойған. Осылайша бірінші әйелінің бүгінде пәтері жоқ. "Сатып алып беремін" деп сөз берген. Бірақ сол бойы сатып алып бермеген. Менің ойымша, пәтер жоқ болғаннан кейін Мараттың айтқанын істейді. Мен оны түсінемін. Әйелміз ғой, балаларымыздың қамын ойлаймыз, сондықтан сөз де қайтарғым келмейді. Әр адамның өз жолы бар, мен осы заңды жолмен кеттім. Ол кісі "сөйлесемін, көндіремін" деп шешкен шығар", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Марат Әйтеновтің бұрынғы жұбайы Ләйлә Мирас "ешкімді айыптай алмайтынын, бірақ Әйтенов балаларына әрдайым жақсы әке болғанын, ешқашан қол көтермегенін, ешқандай зорлық-зомбылық жасамағанын" айтты.
"...Мен олардың далаға қуылмағанын айтқым келеді. Мараттың екінші жұбайына сатып алған пәтерін нақты білемін, тіпті өз көзіммен көрдім. Балалар жиі кездесе алуы үшін бізге жақын жерден, бизнес санаттағы тұрғын үйден 4 бөлмелі пәтер сатып алды, пәтерді ұлының атына жазды. Олар келісе алмағаны соншалық - ұзақ уақыт бойы соттасты. Бұл бәріне зиянын тигізді: ол жұмысқа тұра алмады, сәйкесінше ол бізге де алимент төлей алмады. ...Балаларым үшін олардың әкесін қорғап қалуға, оның балаларының алдындағы жақсы атын сақтап қалуға бір мүмкіндік болса, мен оны жасаймын", - деген еді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!