- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Оны қинап әке...
"Оны қинап әке болғызбаймын". "Меломен" тобының әншісі Ғабиттің бұрынғы әйелі алиментке арыз бермегенін айтты
"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберген Анна Данченкоға берген сұхбатында алимент төлемейтін ер адамдар жайлы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі., - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нұрилла Ақберген көпшілік ер адам неліктен алимент төлемейтінін айтты.
"Көп ер адам "мен қазір ақша бермесем, балаға алимент төлемесем, көмектеспесем, мен әйелді қинаймын" деп ойлайды. Олар екі ортада балаға ауыр болып жатырғанын ойламайды. Қазіргі балалардың қажеттіліктері көп. Ер адамдар "мен ақаша берсем, оны анасы өзіне жаратады" деп ойлайды. Осы оймен немесе ішіндегі бір ренішін осылай, яғни ақша бермей, алимент төлемей жеткізеді. Екі ортада ол баланы ойламайды, өзін ойлап тұр. Одан бала қиналады", - деді ол.
Нұрилла Ақберген алиментке арыз бермегенін айтты.
"Біздің мәселеге келген кезде мен алиментке бермедім, бірақ бергім келіп жүр. Екі бөлек кеткенімізге екі жылдай, ал заңды түрде ажырасқанымызға бір жылдай болып қалды. Мен баланы көрсетпей, баламен сөйлестірмейтін адам емеспін. Бірақ оны екінші тарап түсінбесе, қиын екен. Мен қазір оған осыны жеткізе алмай жүрмін. Біздің келісіміміз бойынша, ол балабақша төлейді және арасында көмектесе алғанынша көмектесіп тұрады.
Қазір алиментке беру жайлы ойланып жүрмін. Себебі ауызша келісілген нәрсе қағаз жүзінде болмай ер адам өзінің жауапкершілігін сезінбейді екен. Мен осы уақытқа дейін оны қинап әке болғызбаймын, қинап көмектескізбеймін деген ойда болып келдім. Ал қазір ойлана келе, неге мен өзімнің ана ретінде жауапкершілігімді алып жатырмын, ал ода ішкі мотивация жоқ деп ойланамын. Мүмкін, заң жүзінде болғаны дұрыс шығар", - дейді Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова