Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне саяхаттайтындарға маңызды ескерту жасалды

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Нипах вирусына байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапар кезінде сақ болуға шақырды:

  • жарқанат, шошқа және басқа да жануарлармен байланыстан аулақ болу;
  • жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептик қолдану;
  • тек қауіпсіз ауызсуды ішу;
  • шикі құрма шырынын ішпеу және жануарлар ластауы мүмкін өнімдерді тұтынбау;
  • жемістер мен көкөністерді жер алдында мұқият жуу қажет.

"Ауру белгілері, соның ішінде жоғары температура, жөтел, қатты бас ауруы пайда болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажет", - деп ескертті мамандар.

Нипах вирусы туралы не белгілі?

Нипах вирусы зооноз инфекцияға жатады. Ол адамға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан, ауру жұқтырған адаммен тығыз байланыстан жұғады. Ластанған тағамдар мен сусындар арқылы да берілуі мүмкін.

Ауру жоғары температура, бас ауруы, жалпы әлсіздік, ал ауыр жағдайларда орталық нерв жүйесі зақымдалуы және пневмония арқылы көрінеді. Бүгінде Нипах вирусына қарсы арнайы ем және мақұлданған вакцина жоқ. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз