Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"29 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, 28 қаңтарда да бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!