- Негізгі бет
- LifeStyle
- Онкология: қатерлі ісік...
Онкология: қатерлі ісік ауруының пайда болу себептері
Әлем бойынша күн сайын мыңдаған адам өзінің онкологиялық аурумен ауыратыны туралы біледі. Қатерлі ісік ауруының пайда болу себебі көп. Ғалымдар қатерлі ісік ауруының пайда болу құпиясын үздіксіз зерттеуінің арқасында, ауру себебін түсіндіретін бірқатар болжам мен гипотезалар бар. Осыған байланысты мамандар зерттеу нәтижелерінің бір-біріне ұқсас тұсын атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғалымдардың ақпаратына сүйенсек, қатерлі ісік пайда болуының негізгі себебі, науқастың өзінің кінәсінен көрінеді. Олар:
- Дұрыс тамақтанбау;
- Семіздік, отырықшы өмір салты;
- Темекі шегу, есірткі, алкоголь тұтыну;
- Сыртқы факторлар – радиацияның, өнеркәсіптік шығарындылардың әсері;
- Тұқым қуалаушылық;
- Вирус;
- Депрессия;
- Иммунитеттің әлсіреуі.
Тағамдық концерогендер. Адам ағзасы ол жеген нәрседен түзіледі. Статистика бойынша аурудың үштен бірінен астамында қатерлі ісік себебі дұрыс тамақтанбаумен байланысты. Сондықтан ғалымдар онкологиялық аурулардың пайда болуының мүмкін себебін адам ағзасына тағам арқылы кіретін канцерогеннің әсері деп есептейді.
Біз күнделікті өмірде тұтынатын көптеген тағамда ауруға әкелуі мүмкін заттар бар. Оларға, ең алдымен, қарапайым көмірсу мен транс майлар жатады. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, шамадан тыс қуырылған тағамда канцерогеннің мөлшері көп болады. Сондықтан тамақ дайындаудың ең жақсы тәсілі - қайтару немесе пеште пісіру. Сондай-ақ, өнім құрамында ақуыз мөлшері 20 пайыздан асса, ол аурудың дамуына ықпал етеді. Сондықтан өсімдік тағамдары – көкөніс пен жемісті теңдестіріп, жеткілікті мөлшерде тамақтану керек.
Генетикалық бейімділік. Қатерлі ісік ауруының пайда болу себебі әрдайым дұрыс емес өмір салты бола бермейді. Ғалымдар онколоғиялық аурудың пайда болуының екінші себебіне тұқымқуалаушылық пен туа біткен бейімділік, сонымен қатар түрлі мутацияны жатқызады. Кез келген адам қатерлі ісік ауруына шалдығуы мүмкін және оның ықтималдылығы 20 пайыз. Ал тәуекел тобына кіретін адамдардың ауруға шалдығу ықтималдылығы бұдан жоғары.
Вирустар. Онкологиялық ауру тарихында көп кездескен қатерлі ісік пайда болуының себебі қарапайым вирустар. Мысалы папиллома вирусын жұқтыру жатыр мойны обырын тудыруы мүмкін; т-лимфотропты вирусын жұқтырған адамдар лейкоздың сирек кездесетін, агрессивті түрімен ауыруы мүмкін; бауыр ісігінің бастапқы дамуы әртүрлі формадағы созылмалы гепатитпен, B және C инфекциямен байланысты болуы мүмкін; кейбір вирустар асқазанның қатерлі ісігін тудырады. Жалпы, вирустар қатерлі ісік ауруының әрбір оннан бір бөлігі үшін жауап береді.
Жаман әдеттер - алкоголь және темекі шегу. Көптеген зерттеу онкология мен темекі шегудің нақты байланысы бар екенін көрсетті. Бұл, ең алдымен, өкпенің қатерлі ісігіне қатысты. Темекі шегетін адамда өңеш, жұтқыншақ, ауыз қуысы және басқа да мүшелер ісіктерінің пайда болу қаупі жоғары. Қатерлі ісік салдарынан өлгендердің шамамен бестен бір бөлігі темекі шеккен. Сонымен қатар, темекі шегетіндер өздеріне ғана емес жанында жүргендерге де темекінің түтіні арқылы қауіп төндіреді. Алкогольді шамадан тыс ішу де онкологияның пайда болуының негізгі себебінің бірі.
Қоршаған ортаның теріс әсері. Қатерлі ісік қоршаған ортадан канцерогеннің әсер етуінен де пайда болуы мүмкін. Онкогендік факторға қазір кездесетін көптеген химиялық зат және радиацияның әсері жатады. Мысалы тұрмыстық химия өнімдері, асбест, кейбір пластмассалар. Автокөліктердің пайдаланылған газдарында да канцерогеннің мөлшері аз емес. Құрамында бензол, формальдегид, диоксиндер бар өнеркәсіптік ластаушы заттар канцерогендік қауіптер тізіміне өз үлесін қосады.
Радиация туралы айтсақ, адамдар қауіпті тек атом электр станциялары деп санайды. Алайда бұл іс жүзінде олай емес. Үй қабырғаларының құрамында радиоактивті зат бар болғандықтан, радиация бізді барлық жерде қоршап тұр. Тіпті күн де теріге теріс әсер ететін ультракүлгін сәулелерін шашады. Айта кетейік, көпшілік рентген сәулесінен қорқып, медициналық терсеруден қашады. Бірақ іс жүзінде олардан бөлінген сіуленің дозасы өте аз және ол қауіп факторы бола алмайды.
Депрессия. Онкология мен психикалық жағдайдың арасындағы байланысты түсіну өте маңызды. Ғалымдардың біразы стресс пен ұзаққа созылған депрессия қатерлі ісік ауруының себебі болуы мүмкін деген пікірге келіседі. Стресс ісік түзілімдеріне тікелей әсер етпейді, бірақ ол иммунитеттің саулығын артарлықтай нашарлатады, бұл ісікке қарсы қорғанысты бұзуы мүмкін.
Адам ағзасында стресс кезінде эндокриндік бездер иммундық жүйенің қорғанысын бұзатын гормондар шығарады. Стрес біздің ағзамыздың ісік түзілімдерінен мамандандырылған қорғаушылары иммундық жүйенің нейтрофил, макрофаг сияқты жасушаларына әсер етеді. Сондықтан ұзақ уақыт бойы стрессте жүруге болмайды.
Еске салайық, бұған дейін салмақ тастауға арналған қоспа мен дәрумендер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін екенін хабарлаған едік.
Тағы да оқи отырыңыздар: Неге жеті атаға дейін қыз алысуға болмайды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә