- Негізгі бет
- LifeStyle
- онкология жайлы
Онколог маман ел арасында тараған қатерлі ісік жайлы 5 мифті атады

Онколог Мария Заболотная қатерлі ісік туралы ел арасында тараған бес мифті жоққа шығарды. Ол онкологиялық ауруларға қатысты қандай сенімдер шындыққа сәйкес келмейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta.Ru сайтына сілтеме жасап.
Дәрігер қатерлі ісік тұқым қуалауы мүмкін деген мәлімдемені миф деп атады.
"Ауруға әкелетін генетикалық мутациялар ғана тұқым қуалайды. Айта кету керек, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Қатерлі ісіктің тұқым арқылы берілуі он пайыздан да аз ықтималдық көрсетеді", - деп сендірді Заболотная.
Дәрігер қатерлі ісік жұқпалы болуы мүмкін деген пікірдің де миф екенін айтты. Онколог қатерлі ісікке әкелетін инфекцияны жұқтырып алу мүмкін екенін түсіндірді. Осы ауруларды болдырмау үшін Заболотная адам папилломавирусына (HPV) және В гепатитіне қарсы вакцинацияның маңыздылығын еске салды.
Сонымен қатар онколог қатерлі ісіктің механикалық зақымдануы оның өсуіне әкелмейді, ал меңдер ісікке айналмайды деп сендірді.
Дәрігер онкомаркерлердің қатерлі ісікті ертерек анықтауға көмек беретіні жайлы сенімді жоққа шығарды. Көбінесе бұл зерттеу анықталған аурудың динамикасын бағалау үшін қажет деп атап өтті дәрігер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Литпин