Онколог Дмитрий Решетов қатерлі ісіктің даму қаупін өз бетінше азайтуға көмектесетін әдістерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "RG" порталына сілтеме жасап.
Дәрігер онкологиялық ауруларды екі типті фактор ынталандыратынын айтты: модификацияланған және модификацияланбаған. Оның айтуынша, екіншісіне тұқымқуалаушылық пен адам генетикасы, яғни біз әсер ете алмайтын факторлар жатады. Онкологтың ойынша, басқа факторларды бақылауға болады.
"Негізгі модификацияланған факторларға темекі тарту, семіздік, тағамдық әдеттер, физикалық және жыныстық белсенділік жатады", - дейді маман.
Дмитрий Решетов темекі тарту көмекей, өкпе және ауыз қуысы қатерлі ісіктерінің даму қаупін айтарлықтай арттырады. Майлы тамақ жеу ішек қатерлі ісігін ынталандыруы мүмкін, ал семіздік сүт безі және жатыр мойнында қатерлі ісік түзілу қаупін тудыруы мүмкін.
"Егер өз әдеттеріңізге мән беріп, өмір сүру салтыңызды өзгертсеңіз, зиянды факторлар әсерін азайтуға болады", - дейді дәрігер.
Сондай-ақ онколог қатерлі ісік дамуына вирустар әсер етуі мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, танымал мысал – жыныстық қатынаспен берілетін және кей жағдайда қатерлі жасушалардың өсуін ынталандыратын адам папиллома вирусы.
Оқи отырыңыз: Сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда қалай анықтауға болады?