Кекіргенде ауызға қышқыл дәм келу және салмақ жоғалту асқазан қатерлі ісігі жайлы айтуы мүмкін. Бұл жайлы онколог Наталья Пащенко айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газете.Ru"-ге сілтеме жасап.
"Симптомдары бойынша асқазан қатерлі ісігі асқазан жарасына және гастритке ұқсас: тамақтану кезінде асқазан тұсының ауырсынуы, кекіргенде шіріген немесе қышқыл дәм келу, салмақтың азаюы, асқазаннан қан кету (ол кофе ұнтағы түрінде құсу және қара нәжіс түрінде көрінеді), - деп түсіндірді дәрігер.
Онколог мұндай белгілер байқалған кезде дәрігерге барып, биопсия мен фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) жасау керек екенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!