Онколог асқазан жарасын емдемесе, не болатынын айтты

Дәрігерлердің айтуынша, асқазан жарасын емдеуге болады. Алайда ол оңай және жылдам емес. Doctorpiter.ru порталы егер адам оны емдемей, жарты жолдан "тастап" кетсе, не болатынын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жара – асқазан қабырғасындағы терең жарақат. Ол шырышты қабықша зақымдалған кезде пайда болады. Оған жиі Helicobacter pylori бактериялары кінәлі. Сондай-ақ қабынуға қарсы стероидты емес дәрі-дәрмекті жүйелі түрде ішу де асқазан жарасын тудыруы мүмкін. Асқазан жарасымен аурып қалу қаупі жас ұлғая келе артады.

"Жара – бұл асқазан шырышты қабығының ұзақ уақыттан бері қабынуының салдары. Қандай бір уақыттан кейін органда жарақаттар пайда болады. Әдетте жара көпшілік мән бермейтін гастриттен бастау алады", - деп түсіндірді онколог Иван Карасаев.

Қабыну асқазаннан ары қарай оңай кете беретінін көпшілік біле бермейді. Бұл кезде аш ішек жарасы пайда болады. Бұл қауіптірек.

Ол несімен қауіпті?

Кей адамдар жара – жай ғана жағымсыз нәрсе, брақ онымен ары қарай өмір сүруге болады деп ойлайды. Алайда бұл олай емес. Егер ауруды ұлғайтып алсаңыз, қауіпті асқынулар дамуы мүмкін.

Мысалы:

- ішкі қан кету;
- асқазанның тесілуі;
- асқазан ішіндегі нәрсенің құрсақ қуысына шығып кетуі (өлімге әкелуі мүмкін, сондықтан жедел ота жасалады);
- жараның онкологияға айналу бейімділігі жоғары.

Иван Карасев бұл ауруды міндетті түрде емдеуге, бақылауға және өз дәрігеріңізді тыңдауға кеңес берді.

Асқазан жарасының белгілерін мына жерден оқи аласыз.