Танымал әнші Айдана Меденова үшінші сәбиін күтіп жүр. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі гендер пати жасамағанын жеткізді.
Желі қолданушылары оны бұл жаңалығымен құттықтап, жылы лебіздерін жазыпты.
"Құттықтаймыз", "Аман-есен жаныңыз қалсын", "Аман бол, жарығым", "Қандай әдемі көрініс", "Құттықтаймын! Аман-есен қолыңызға алуды бұйырсын!" - дейді олар.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Айдана Меденова не себепті өнерден кеткенін айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз