- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Өнерді тастап кеттім"....
"Өнерді тастап кеттім". Танымал әнші базарда "дубленка" сатқанын айтты
Танымал әнші Наркенже Серікбаева бір кездері өнерді тастап, саудаға кеткенін айтты. Бұл туралы өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Саудамен айналысып кеттім. Ол кезде бірінші қызым бір жаста еді. Астанада ол кезде "Артем" деген базар бар еді ғой. Ол бұрын ұзын базар еді. Жабайы базарда қызымның әкесінің ағасы бар еді, сол ағасында, күнкөріс қой, өнерді тастап кетіп, сауда істедім. Дубленка сатып, пайызын алдым. Алты ай базарда сауда сатып, кейін Түркістан облысында Әли Бектаев ағамыз "әнші қыз бар еді, алдырыңдар, табыңдар, Президентіміздің алдында ән шырқасын" деп алдырған. Филармонияда жұмысты тастап кеткен едім. "Қайтып алыңдар мына қызды" деп, Аллаға шүкір, қазір сол жерде істеп келе жатырмын", - дейді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова