Kezdesu-дің кезекті қонағы - әнші Индира Елемес. Өнер иесі сұхбат барысында жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, қазір жұбайымен ажырасып жатыр.
"Ажырасу мәселесі 2022 жылдан бері (келе жатыр - еск.). Мен ешкімнің жеке меншігі емеспін. Ол адамда басқаша ой болды. Он жыл бойы солай өмір сүргеніме таңғаламын", - деді ол.
Индира Елемес сұхбат барысында жан сырын ақтарды.
"Той болған жоқ. "Дубайда болсын" деп ұсынды. Мен "жоқ" дедім. Өйткені мен ол кісіні жақсы көрген жоқпын. Ол кісі оны жақсы біледі. Бастапқыда айттым, соңында да айттым. Мен еш уақытта жақсы көрмегенмін. "Жақсы көрген адамыма ғана ақ көйлек киіп, тұрмысқа шығамын" деп айтқанмын. Сондай мақсат қойдым. Олай болмады. Он жылдан аса уақыт сол кісімен тұрдым. Ер азамат болғаннан кейін сыйладым. Біз қалай келістік, ол сол сөзінде тұра алған жоқ", - деді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!