Бауыр қатерлі ісігі – ең қауіпті қатерлі ісіктің бірі, себебі одан тірі қалу көрсеткіші өте төмен. Оған қоса, оны әдетте соңғы стадияда анықтайды, ал бұл кезде адамға көмектесу өте қиын. Алайда бауыр қатерлі ісігі мынадай белгілер беруі мүмкін. Бұл белгілерді байқаған бойда дәрігерге көріну керек.
1. Терінің сарғаюы
Көздің ағы мен терінің сарғайып кетуінің себебі өте көп. Бұл бауырдың алкогольді ауруы – цирроз, өтке тас жиналу, гепатит және панкреатитпен байланысты болуы мүмкін.
Қандағы билибуриннің жоғары деңгейі теріні сарғайтып жіберуі мүмкін. Сондықтан жаңа туған сәбилердің терісі жиі сарғаяды. Бұл қауіпсіз және өздігінен кетуі мүмкін.
Алайда ересек адамда бауыр қатерлі ісігі дамыса, қатерлі ісік өт жолдарының бітеліп қалуын тудыруы мүмкін. Оның салдарынан бауырдағы билирубин аш ішекке түседі. Билибуриннің жиналуы теріні сарғайтады, сондай-ақ ол нәжіс пен зәр түсін өзгертеді.
2. Іштің кебуі
Қатерлі ісіктің өсуімен іштің оң жағы ісінуі мүмкін. Сондай-ақ қатерлі ісік бауырға түсетін қысымды арттыратындықтан, ол көктамырда қанның тұрып қалуына әкеледі. Бұл асцитті шақырады. Яғни, көктамырлардағы сұйықтықтарды ығыстырып, олар іш қуысында жиналады. Іштің кебуі іште көрініп тұратын ісінген көктамырлармен қатар жүруі мүмкін.
3. Оң жақ иықтың ауыруы және томпайған бірдеңенің шығуы
Кеуде тұсының жоғарғы жағынан қатты түзілім байқасаңыз және оны басқанда ол ауырса, бұл қатерлі ісік болуы мүмкін. Бұл томпайып тұрған нәрсе оң жақ иықты ауыртуы мүмкін.
4. Терінің қышуы
Терінің сарғаюынан бөлек қатерлі ісік теріні қышытуы мүмкін. Оның себебі – өт қышқылдарының тұздары. Бауыр асты қорытуға көмектесетін өт бөледі. Бірақ өт жолдары бұғатталса, өт тұздары теріге жиналуы мүмкін, соның салдарынан тері қышиды.
5. Тәбеттің жоғалуы
Бауыр қатерлі ісігінің көпшілік белгісі асқорытумен байланысты, сол үшін де алғашқыларының бірі болып тәбет қиналады. Жүрек айну, асқазан бұзылысы, асқазан ауыруы – науқастар жиі шалдығатын белгілер. Бауыр қатерлі ісігі кезінде адамның тәбеті жоғалып кетеді және ол аз тамақ жегеннің өзіне тойып қалады.
6. Салмақ тастау
Салмақтың жоғалуы тәбет жоғалуының салдарынан болуы мүмкін. Алайда оған сондай-ақ кахексия себеп боулы мүмкін. Бұл ағза тамақтан майларды, ақуызды және көмірсуларды сіңірмейтін және калорияны әдеттегіден жылдам жағатын метаболизмдік синдром.
Оқи отырыңыз: Сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда қалай анықтауға болады?