- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Өмірлік сабақ алдым"....
"Өмірлік сабақ алдым". Марапаттарынан бас тартқан Әли Оқапов даулы жайттан кейін жазба жариялады
Танымал әнші Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты даудан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, бұл оған өмірлік сабақ болған.
"Менің ойымша, оралатын уақыт келді. Тағы да бейнеүндеу түсіремін деп ойладым, бірақ ондайды ұнатпаймын, оның үстіне не керегі бар. Жақында Динара Сәтжанға берген сұхбатым шығады. ...Бұл тақырыпқа қатысты енді пікір білдірмеймін. ...Жай ғана әрі қарай өмір сүру керек деп ойлаймын. Осы күндер ішінде қатты ауырдым, әлі де емделіп жатырмын. Күйзелістен кейін әрдайым осындай болады, есесіне үшін тағы 3 келі тастадым. Отбасым әрқашан жанымда болды әрі олар үнемі қиын жағдайдан алып шығады. Осы жағдайдан кейін бір аптаға үзіліс жасап, сүйікті еліме демалуға ұшамыз деп шештік. ...Барлығына қолдау үшін тағы да рақмет. Хейт үшін де рақмет. Өйткені ол - жұмысым мен өмірімнің бір бөлігі. Көп нәрсе түсіндім және қорытынды жасадым. Өмірлік сабақ пен тәжірибе алдым, маған әлі де көп нәрсе істеу керегін ұқтым", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, Республика күні қарсаңында Әли Оқапов "Құрмет" орденінің иегері атанған болатын.
"Бүгін "Құрмет" орденінің иегері атандым! Шынымен күтпеген жағдай болды. Әрине, көп рақмет! Осы атаққа лайық еңбек етуге, маған артқан сенімді ақтауға барымды саламын. Құттықтауларыңызға рақмет! Басымды иемін!", - деп жазды әнші.
Кейінірек қоғамдағы даулы, сыни пікірлерден соң әнші марапаттарынан бас тартуды шешкенін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова