- Негізгі бет
- LifeStyle
- “Өмірге деген сүйіспеншілігіне...
“Өмірге деген сүйіспеншілігіне тәнтімін“. Баян Алагөзова қайын атасы туралы пікір білдірді
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы қайын атасы Тұрым Алагөзов туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Мен әкеміздің өмірге деген сүйіспеншілігіне тәнтімін. Оның жасы 80-де, бірақ әлі де гастролдік сапарда, шеберлік сағаттарында, дайындықта жүр. 14 қыркүйек күні Ақтөбе филармониясымен Тұрым Алагөзовтің бастамасымен құрылған танымал хор әртістері біздің әкеміздің құрметіне, оның дирижерлік етуімен концерт береді", - деп жазды Баян Мақсатқызы.
Айта кетейік, танымал қазақстандық дирижер Тұрым Алагөзов - Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсен Алагөзовтің әкесі, Баянның қайын атасы.
Жақында Баян Мақсатқызының қайын атасы Қазақстанда мерейтойлық концерт өткізетіні туралы хабарланған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева