Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада жүлдегері, боксшы Мұхтархан Ділдәбеков марқұм әйелі туралы "Алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшының жары 10 жыл бұрын ауыр дерттен қайтыс болған.
"Жасым 30-ға жақындаған кезде қаладан ауылға әкем шақырды. Үйлену туралы ойымда ештеңе жоқ. Содан әкем "үйленіп, отбасын құру керек, 10-15 күн уақыт беремін" деді. Бір ай сұрап алдым. Қалаға барып, соның алдында араласып жүрген Жанармен отбасын құрдық. Біз көбіне жолда жүреміз ғой. Жанар темір жол кассасында жұмыс істейтін, сол жерде танысқанбыз.
Марқұм әйелім менімен 9 жыл өмір сүрді. Бірақ өзінің разылығымен Альбинамен таныстырып, үйлендірді. Біз Альбинамен үйленгеннен соң екі жылдан соң қайтыс болды. Тағдыр ғой, өмір жалғасады. Құдай сынды көтергенге береді", - деді боксшы.
Мұхтархан Ділдәбеков сол дерт меңдеген күннен бастап өмірден өткенге дейін әйелінің қасында болған.
"Адамның маңдайына жазып қоятын өлшеулі ғұмыры болады ғой. Жанар жақсы жар еді...Ол өзінің дертімен соңына дейін күресті. Қайтадан аяққа тұрды. Бірақ өмірден өтерінен 10-15 күн бұрын соңғы күндері екенін сезді.
Қазақта "орта жолда атың, орта жаста қатының өлмесін" деген сөз бар ғой. Сол қайғының барлығын сездірмей өткізген Альбинаға ризашылығым шексіз. Балаларды өз перзентіндей бауырына басты", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда алты жасар атыраулық спортшы көз жұмғаны туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сәбіз шырынының қандай пайдасы бар?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!