Танымал әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет өмірде ешнәрсеге өкінбейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы "1001 түн" бағдарламасында сұхбат берген. Сұхбатқа әнші ақ-қара түсті көйлек киіп келген. Бағдарлама жүргізушісі актрисадан не нәрсеге өкінетіні туралы сұраған.
Актриса: "Өмір болғандықтан неше түрлі жағдайлар болады. Неше түрлі қиыншылықтар болады. Өмір менің көйлегім сияқты, ақ пен қарадан тұрады. Бір сәтте бал-бұл жайнап, бақытты өмір сүруім мүмкін. Ертесі күні бір сәтте бүкіл байлығыңнан, денсаулығыңнан айырылып, ешкімге керек емес халде болып қалуың да мүмкін. Егер Алла Тағала мені дәл осы қалпымда тағы да жарататын болса, мен осы өміріммен өмір сүретін едім. Себебі мен өткенге өкінбейтін адаммын. Өкінбе сен дейді ғой ешқашанда. Мен өкінбеймін. Өкінбеу керек", - деп жауап берді.
Еске салайық, Ақбота-Нұр бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловпен ажырасып кетсе де әлі күнге дейін оған қолдау көрсететінін айтқан болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!