“Өмір бойы тапал көлік мініп едім“. Танымал кәсіпкер академик Асқар Жұмаділдаевқа темір тұлпар мінгізді

Танымал кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов академик Асқар Жұмаділдаевқа темір тұлпар мінгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде әсерлі сәттің видеосы тарады.

"Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев ағамызға тосынсый! Қазақтың тірі қазынасының бірі, ардақты ұстазымыз Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Осы мерейтойына орай Жұмабек Жанықұлов ерекше тосынсый жасап, ағамызға Hyundai Palisade көлігін мінгізді", - деп жазды кәсіпкер Сырымбек Тау әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары игі іске ризашылығын білдірді:

"Бәрекелді! Қазақ халқының мақтанышы Асқар ағамыз жүзге жетсін. Жігіттер, жарадыңдар!", "Нағыз құрметке лайық жанға лайықты сыйлық", "Байы зиялысын сыйлаған, зиялысы бұқарасын ойласқан, осылай ынтымағымыз жарасқан ел бола берейік!"

Айта кетейік, Асқар Жұмаділдаев 1956 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Ол - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, қоғам қайраткері. 

Асқар Жұмаділдаев - Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де танымал ғалым. Академик Солтүстік Америка және Еуропаның көптеген елінде дәріс оқыған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз