Танымал әнші Мақпал Жүнісова жұбайы Заманбек Нұрқаділовтің бірінші отбасы туралы айтты. Бұл туралы өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарлама барысында Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке тұрмысқа шыққаннан кейін қандай жағдайлар болғанын айтты.
"Қызғаншақ болды. Басында оны айтпаған. "Өнерің тоқтамайды, айналайын. Барлық жағдайыңды жасаймын" деді. Алып алғаннан кейін басқаша болады екен. Ол кісіге қарсы шыға алмадым. Байдан қайтып келді деген аттың несі жақсы дедім. Зәкең Мақпалды пайдаланып тастап кетті деген ат жаман ғой. Не айтса, бәріне көндім. Ол кісінің үйі болған жоқ. Әйеліне, екі баласына үйін, дачасын, машинасын қалдырды. Бір чемоданмен келді. "Кеттік, орманның ортасында жалға алған бір жерге барып тұрамыз" деді. Сол жерде кезінде адам өлтірген екен. Іші сұп суық. Дірілдеп, қалшылдап Зәкеңнің жанында 7 ай отырдым", - деп еске алды ол.
Сонымен қатар, Мақпал Жүнісова жұбайының бірінші отбасымен қарым-қатынасы туралы да айтты.
"Зәке мен сізді жақсы көрмеймін, қалай алайын деп тұрсыз? Мен сізді сыйлаймын, ол бір. Екіншіден, семьяңыз бар. Олар ертең қарғайды, маған күн көрсетпеуі мүмкін" дедім. Сол точно шықты. Өмір бақи мені қарғаумен өтті. Өмір бақи менімен күресумен келе жатыр. Жүйкемді тоздырмады дейсің бе? Өтіріктен әртіс болып жүрмін, роль ойнап. Мені тоздырды. Зәкеңнің махаббаты үшін әлі бас иіп келе жатырмын. Ол кісі, әрине, мені қорғаштады, қорғады", - дейді әнші.
Еске салайық, бұған дейін Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовпен қалай танысқанын айтқаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кейбір адамдар неге үнемі кешігеді?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!