- Негізгі бет
- LifeStyle
- Олжас Абай Қайрат...
Олжас Абай Қайрат Нұртаспен неге бұрынғыдай жақын араласпайтынын түсіндірді
Отандық танымал актер Олжас Абай "The DS' Show" бағдарламасында қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртаспен неге бұрынғыдай жақын араласпайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олжас Абай әншілікпен айналысқанда тәртібі бұзылатынын айтты.
А. Жапатова"Қайрат әлі де досым. Қайратмен таныспай тұрып та, өнерін қатты бағалайтынмын. Кейіннен бірге жүрдік, дос болдық. "Тау адам" әнін жарыққа шығардық. Тағы біраз туындыларымыз болған. Мен өзім кино саласынан болғаннан кейін бір-бірімізден үзіліс жасадық. Эстрада жанры мені көптеген құбылысқа алып келді. Ән айту, тез ақша келу, кету деген сияқты жайттар болды. Ал кинода тәртіп керек. Сол себепті екеуміз сәл екі жаққа ыдырадық. Маған кино саласы көбірек ұнайды. Бірақ әншілік те маған жақын. Әншілік түнде ұйықтатпайды. Тойларға шығасың, тәртіп бұзылады", - деді Олжас Абай.