Сөзсіз, ең алғаш мән беретін нәрсе – ол сырт келбет. Бізді күлкі, дауыс ырғағы, көздің жарқырауы тартады, себебі адам психикасы бұл нәрселерді жақсы әрі қауіпсіз деп қабылдайды.
Адамға қатты "енген" сайын ол сізге одан сайын әдемі болып көрінетінін байқаған боларсыз. Сондай-ақ, керісінше, егер өзін-өзі бағалауыңыз дұрыс болса, сізді адам ренжітсе немесе жаныңызды ауыртса, ол тартымсыз бола түседі. Ол сізге ұнамай кетеді және оны көргіңіз де, естігіңіз де келмейді.
Адаммен кездесе бастаған кезде ол бастапқыда мінсіз болып көрінеді. Бұл қалыпты, ғашықтар құштарлық объектісіне таңданады, бұл жерде гормондар маңызды рөл ойнайды. Бірақ уақыт өте сезім басылады, бұл кезде адамдар айырылысады немесе қарым-қатынасты сақтап қалуға тырысады.
Грекия ғалымдары жұптар арасында сауалнама жүргізеді. Ерлер мен әйелдер серігінің қандай мінездері қарым-қатынасты сақтап қалуға, бір-бірін бағалауға және кез келген келіспеушілікті шешуге мотивация беретінін айтады. Зерттеу нәтижесінде ғалымдар сүйікті адамның 10 негізгі мінезін анықтады:
- Оған әрқашан сенуге болады. Адамға өз серігінің ешқашан көзіне шөп салмайтынын білу маңызды.
- Ол қамқорлық көрсетеді. Серігіңіз сіздің жұмыстан көңілсіз келгеніңізге немқұрайлы қарамайды, ол қайғыңызға ортақтасып, ауырғанда немесе қиын жағдайда қамқор болуға дайын.
- Өмірге позитивпен қарайды. Ол өмірге жеңіл қарайды және оның қасында рақаттана күлесіз.
- Ол романтикаға бейім. Мұндай серік сізге жағымды нәрсе жасауға тырысады, құшақтайды және қошемет сөздер айтады.
- Ол серігінің достарымен және туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысады.
- Үйдің жайлы болуын қадағалайды.
- Сексуалды тұрғыда көңілінен шығады.
- Ол өзіне сенімді. Оның өз көзқарасы, хоббиі, қызығушылығы бар және өмірден не қалайтынын біледі.
- Бір-бірінің қызығушылықтарын қолдайды. Мысалы, ол сіздің сүйікті кітабыңызды оқып көреді, ал сіз онымен бірге сноуборд тебуге барасыз. Бір-бірін мәжбүрлемейді. Олар көбірек бірге уақыт өткізгісі келеді.
- Оның тұрақты жұмысы бар. Кіріс пен қаржылық тұрақтылық қарым-қатынастың қатаюына ықпал етеді.
Өзіңізге мына сөздерді ешқашан айтпаңыз