Астрологтар өтірік айтқанды ұнатпайтын және адалдығымен ерекшеленетін жұлдызнама белгілерін атады. Бұл жұлдызнама белгісінің өкілдері жағымсыз болса да шындықты айтуды жөн көреді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.
Арыстан
Арыстан – жұлдызнама белгілерінің арасындағы ең адал белгі болып саналады. Біріншіден, Арыстандар өздерінің беделін жоғары бағалайды, сондықтан оны күмәнді әңгімелермен құртпайды. Екіншіден, Арыстандар әрқашан әділдік жағында болады. Кейде олар тіке немесе тым өткір айтуы мүмкін, алайда сәл тынышталғаннан кейін өз әрекетіне объективті түсінік береді.
Тоқты
Тоқты – ойындағысын оңай айта салатын тік мінезді жұлдызнама белгісі. Олар шындықты жасырып қалу жайлы сирек ойланады. Ал егер шындық ренжітетін болса, соны айту арқылы басқалардың көзін ашу Тоқтылар үшін екі есе жағымдылық сыйлайды. Тоқтыларды басқалардың ойы мазаламайды, сондықтан олар шынында не сезетінін айта салады. Олардың бұл мінезін барлық адам бірдей көтере алмайды, олар оны дөрекі және жеке шекараны бұзады деп санауы мүмкін. Алайда астрологтар бұл олардың адалдығының көрінісі дейді.
Торпақ
Торпақтар барлық жерде үйлесімділік жасауға тырысады. Ал адалдық – Торпақтар тұлғалығының негізгі элементі. Торпақтар басқалар оларға адал болуы үшін өзі де шыншыл болуға тырысады. Олар ешкімді алдамайды және біреуді сыртынан кінәраттамайды.
Оқи отырыңыз: Ақша үнемдей алатын 4 жұлдызнама белгісі. Сіз бұл тізімде барсыз ба?