Имам Нұрлан Байжігітұлы айтыскер ақын, мәжіліс депутаты Ринат Зайытов туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар" - деген Ринат Зайытовтың ел арасында басы дауға қалған еді. Осыған байланысты оқырмандар имам Нұрлан Байжігітұлының тікелей эфирінде ойын сұрап, сауал жолдады.
"Ринат туралы қайта-қайта сұрап жатыр. Кейінгі қосылғандарда жақсылап естіп алыңыздар. Осымен әңгіме жабылсын. Ринатты мен нағыз құдайын танитын азамат деп білемін. Құдайға сенетін, құдайы бар азамат. Сол сұқбатты асықпай толық тыңдап шығыңыздар. Бір қазақтың баласына ондай айып тағу үшін ардақтылар оның не айтқысы келген ойын түсіну керек. Кең ойлаған адам кем болмайды. Дінді қорғаймыз дегендерге айтқым келіп отыр. Дінді айқай-шумен қорғамайды. Бір-біріне сөз атумен қорғамайды. Алла тағала өз дінін өзі қорғап алады. Сенсізде қорғаған ол дінді. Құранды, дінді мен түсіргенмін Алла өзім қорғап аламын дейді. Болды. Сен өз отбасыңды қорға, өз қара басыңды қорға. Ринаттың бұл жерде 80 пайыз дегені сәл артықтау шығар. Бірақ шын мәнінде, біздің домбырамызға, салтымызға, санамызға қарсы шыққан салафилікті айтып келіп, сол арқылы келді. Соны түсініңіздер. Біз бір қазақтың баласын аяққа жығып, абырой таппаймыз. Ол пенде, ол қателесті, өз жағдайын айтып түсіндірді", - дейді Нұрлан имам.
Сондай-ақ, Нұрлан Байжігітұлы алаяқтық мәселесі шын мәнінде бар екенін жеткізді.
"Бізді ол мәселе бар. Жасырын емес. Ол сөзді басқаша түсініп алыңыз. Қылмыскер түрмеге түсіп, сосын намаз оқып кетеді деп түсініңіз. Ринаттың айтқан сөзін басқаша түсініңіз. Бізде жоқ емес онда мәселе бар", - дейді.
@dulatsuleimenov #дінислам #нұрланимам #Ринатзайытов #қазақстан?? ♬ оригинальный звук - Дулат Сулейменов
Айта кетейік, айтыскер, ақын, мәжіліс депутаты Ринат Зайытов бұған дейін белгілі бір арнаға сұқбат беріп, намазхандар туралы ойын айтқан еді. Оның бұл сөзіне шағым келтіріп, тіпті Балғынбек Имаш жыр арнады. Артынша Ринат Зайытовтың өзі бұл сөзіне мәлімдеме жасады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз