- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Ол кісі әкім,...
"Ол кісі әкім, шенеунік болған". Әнші Әсем Айнақұлова өзін қызы ретінде мойындамаған әкесін еске алды
ҚР еңбек сіңірген әртісі Ұлжан Айнақұлованың қызы әнші Әсем Айнақұлова "Менің өмірім" бағдарламасында әкесі жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Әсем Айнақұлова әкесіз өскенін және оны өмірінде екі-ақ рет көргенін айтты.
"Мен анамның осы өмірге алып келген бір тал ғана қызымын. Мен әкесіз өстім, оны көпшілік білетін шығар. Екеуінің арасында келіспеушілік, түсініспеушілік болғандықтан, мен әкесіз өстім. Бірақ өмірімде әкемді екі рет тойда көрдім. Бірінші көргенімде таныстырды. Енді ол кісі қазір марқұм болып кетті. 3 жыл бұрын коронавирус кезінде қайтыс болды. Менің ойымша, ол кісі кеткенше мені мойындамай кетті. Іштей сезіп, білген шығар, бірақ жанұясына қарады ма екен, енді кейін үйленген ғой, жанұясы бар, ресми түрде мойындаған жоқ. Оны 29 жасымда бірінші рет көрдім", - дейді Әсем Айнақұлова.
Әнші әкесін бұрын да іздеп барғанын, алайда кездесе алмағанын айтты.
"Содан кейін 7-8 жылдан кейін тағы бір тойда кездестім. Бірақ ол кезде сөйлескен жоқпыз. Ол кісі амандасқан да жоқ. Мені танымайтын сияқты жүре берді. Ол кісі әкім болған, шенеунік болған. Кейін бизнес ашып, кәсіпкерлікпен айналысып кеткен. Ол бізге мүлдем көмектеспеді. Мен алғашқы кездесуімізге дейін өзім іздеп барғанмын. Бірақ жанындағы достары "ол Астанаға көшіп кетті" деп жолатпай қойды. Перзенттік борышымды өтейін деп кішірейіп өзім барғанмын. Шынымды айтсам, мен әлі күнге дейін тегімді, оның қандай адам болғанын білгім келеді. Бұл нәрсені әкесіз немесе анасыз өскен адамдар түсінеді деп ойлаймын", - деді әнші.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова