- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Ол барлық ас...
"Ол барлық ас үйде бар". Асқазан қатерлі ісігінің қаупін 40%-ға дейін арттыратын дәмдеуіш аталды
Вена медициналық университетінің ғалымдары тамақтану әдеттері асқазан қатерлі ісігінің дамуына қалай әсер ететінін анықтады. Ол үшін сарапшылар 471 144 адамның деректеріне анализ жасап, зерттеу жүргізді. Жұмыстың нәтижелері Gastric Cancer журналында жарияланған.
Сарапшылар қатысушылардың тамақтану әдеттеріне аса назар аударды. Сондай-ақ, қатысушылар дайын тағамға қаншалықты жиі тұз қосқанын және қаншалықты жиі тұзды тіскебасарларды, мысалы, чипсы, балық, маринадталған көкөністер жегенін хабарлау керек болды. Қажетті ақпаратты жинағаннан кейін зерттеушілер 11 жылға созылған зерттеудің қатысушыларын бақылауға кірісті.
Бұл қауіпті патологияның дамуына түрткі болатын тұз болып шықты. Ғалымдар дайын тағамды жиі тұздап, тұзды тіскебасарларды жиі жейтін адамдар қауіп тобында болады деген қорытындыға келді: оларда асқазан қатерлі ісігінің қаупі 40%-ға дейін өсті.
"Біздің зерттеуіміз батыс елдерінде қосылған тұздың жиілігі мен асқазан қатерлі ісігі арасындағы байланысты көрсетеді", - деді Вена университетінің диетологы, жетекші автор Селма Кронштейнер-Гицевич.
Зерттеушілер тұздан мүлдем бас тартудың қажеті жоқ екенін айтты. Тұтынатын тұз мөлшерін бақыласаңыз, ол ағзаға пайдалы. Негізгі ереже - тұз салғыш ыдысты мүмкіндігінше аз қолданыңыз. Дайын тағамға немесе тұздыққа бәрібір тұз салынады. Ендеше, дайын тамақты қосымша тұздаудың не қажеті бар? Сондай-ақ, мүмкіндігінше зиянды тұзды тіскебасарлардан бас тартуға тырысыңыз.
Оқи отырыңыз: Асқазан қатерлі ісігінің алғашқы 2 белгісі
А. Жапатова