Әнші Жеңіс Ысқақова мен Абай Бегей әріптестері Бейбіт Қорғанның оқиғасына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист Дина Төлепбергеннің сөзінше, Бейбіт Қорғанның әріптестері әншінің әрекетінен қателік көріп тұрған жоқ.
Әнші Жеңіс Ысқақованың сөзінше, атыраулық әйел "баланы тумауына да болар еді".
"Оның оған үйленбейтінін біле тұра, қойнына кірдің бе, қолыңмен істедің бе, мойныңмен көтер. Ал туған екенсің сондай бір жақсы, талантты жігіттен, ол әйел өзі үшін туды. Тумауына да болар еді", - деді Жеңіс Ысқақова.
Ал Абай Бегей мұны әншіге жабылған жала деп есептеп отыр.
"Төрт жылдан кейін, бес жылдан кейін келіп, "Бейбіт осылай қылып қойды" деп жала жабатындар көп қой", - деді Абай Бегей.
Айта кетейік, атыраулық әйел Нұргүл Зиханова Бейбіт Қорғаннан бала туғанын айтқан соң әнші ДНҚ сынамасын тапсырған.
Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Дина Төлепберген айтты.
"Астарлы ақиқатты" жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ алу үшін ақыры оны сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Құдды бір отадан шыққан Майкл Джексондай, "Маска" шоуы маңырап қалады. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірдеңе айтар ма деп едік, ләм-мимсіз ұзатылып жатқандай артына қайырылмай кетті. Бізден қашса да, ақыры Атырауда заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды", - деді ол.
Дина Төлепбергеннің сөзінше, нәтижесін сот бір айдан кейін жария етуге тиіс.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз